Елордада Алматы мен Қостанай облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Алматы мен Қостанай облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

04.09.2019
Елордада Алматы мен Қостанай облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

7-8 қыркүйек күндері «Хан-Шатыр» сауда орталығы алаңында өтетін ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесінде Алматы және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Екі өңірдің 31 ауданы мен 6 қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін елордалықтарға төмен бағамен ұынатын болады.

Алматы облысының кәсіпорындары шамамен 163,0 млн теңге сомасына 330,9 тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатуды жоспарлап отыр, сонымен бірге Қостанай облысынан 200 млн теңге шамасындағы көлемі 380 тонна өнім болады.

«Барлық өнімдер санитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді, өндірушілерде сатылатын өнімдердің шығуы, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жәрмеңке кезінде екі облыстың өнер ұжымдары астаналықтарға концерттік бағдарлама ұсынбақ.


Хабарламаларға жазылу