Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 36 отбасы көшіп барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 36 отбасы көшіп барды

04.09.2019

Осылайша, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында Елордадан қоныс аударғандар саны 205 отбасыға жетті. Көшіп барғандар үш және одан да көп балалы отбасылар. Оларға 4, 3 және 2 бөлмелі пәтерлердің кілттері табысталды. Екібастұз қаласы тұрғындарының саны 4 айдың өзінде 1200 адамға көбейді. Олардың 800-і 18 жасқа дейінгі балалар болса, қалған 400-і еңбекке қабілетті адамдар. Өз ісін бастауға ниет білдіргендер қысқа мерзімдік курста оқып жатыр. Қазбек Ғабдуллин мен оның жұбайы Әйгерім Нұғмановаға кеншілер мен энергетиктер шаһары бірден ұнаған екен. Бауыр басып кететінімізге сенімдіміз- дейді олар. 

Әйгерім Нұғманова, көп балалы ана:

Осындай қамқорлық көріп жатқанымызға алғысым шексіз. Нұр-Сұлтан қаласында жеті жылдай пәтер жалдап тұрдық. Төрт баламен үйді-үйге көшіп жүру оңай емес. Сондықтан басқа қаладан баспаналы болу ұсынысын қуанышпенқабылдадық. Жаңа үйіміз бізге өте ұнайды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу