Мәжіліске жаңадан келген депутаттар ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліске жаңадан келген депутаттар ант берді

04.09.2019
Мәжіліске жаңадан келген депутаттар ант берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа депутаттары - Гүлшара Әбдіқалықова Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен бірге, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Гүлшара Әбдіқалықованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне ұсынды. Ұсынысты 104 депутат мақұлдады.

Сәйкесінше, Нұржан Әшімбетов - Аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды. Тиісті қаулылар қабылданды.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу