Иран АҚШ-пен «алтылық» форматында ғана келіссөз жүргізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран АҚШ-пен «алтылық» форматында ғана келіссөз жүргізуге дайын

03.09.2019

Ол Вашингтонмен диалогқа Құрама Штаттар Тегеранға қарсы санкцияларды түгел алып тастағанда ғана бармақ. Мұндай мәлімдемені Ислам Республикасының басшысы бүгін ел парламентінің алдында жасады. 

АҚШ президенті Дональд Трамп жақында «Үлкен жетілік» саммитінде Иран лидерімен «дұрыс жағдайларда» кездесуге қарсы еместігін айтқан еді. 

Қазір Рухани Еуропа одағынан да ядролық келісімді сақтап қалуға күш салуды талап етіп отыр. 

Бұл пәтуаға 2015 жылы Иран мен әлемнің алты державасы қол қойды. Оның шарттарына сәйкес, Тегеран өзінің ядролық жұмыстарын шектеуге кірісіп, соның есесіне, Америка бұл мемлекетті халықаралық санкциядан босатқан еді. 

Бірақ, Трамп әкімшілігі биыл мамырда аталған келісімнен шығып, санкцияларды қалпына келтіргендіктен, Иран бұл тарихи құжаттың талаптарын орындауды доғара бастады.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу