Нұр-Сұлтанда баспананың құрылысы 3 есе ұлғаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда баспананың құрылысы 3 есе ұлғаяды

03.09.2019

Бұл туралы қала активінің отырысында Алтай Көлгінов айтты. Шахар басшысы жолдауда айтылғандай әлеуметтік бағыттағы істерге басымдық берілетіндігін жеткізді. 

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында үй кезегінде 47 500 адам тұр. Кезектегі адамдардың санын азайту үшін тек қазына қаражатына ғана емес, жеке инвесторларды тарту арқылы да құрылысқа екпін берлімек. Қала басшылығы тұрғындардың әр сөзіне құлақ түріп, барлық саладағы күрмеулі мәселелердің түйінін тарқатуға дайынбыз дейді. 

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

Азаматтарды әкімдік ғимаратында ғана емес олардың мәселелін көзбен көріп, өзіміз де барып тыңдап жүрміз. Осы тәжірибені барлық басқармалар мен әкімдер тұрғындардың өз саласы бойынша кездесіп, пікірлесіп тұруды жоспарладық. 

Қала әкімдігі қоғамдық кеңестің жұмысын күшейтуді көздеп отыр. Себебі бұл ашық азаматтық қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жасалған салықтық жеңілдік те қаладағы шағын бизнестің дамуына жол ашады деген сенім мол. 

Қайырлы Таукен, қалалық мәслихаттың депутаты:

Өндірген затты сату мәселесі де мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Бұл өте орынды. Экспортқа шығатын затқа да мемлекет тарапынан қолдап оған қаражат бөлінетін болады. Ұлттық қордың өзінен 100 млрд, Бизнестің жол картасы бойынша 250 млрд алдағы 3 жылға қарастырылып отыр.

Ал заң аясында бейбіт шеруге шығып, өз пікірін білдіру үшін қалалық мәслихат арнайы екі орынды белгілеп те қойған. Алайда ондай іс-шаралар жаппай тәртіпсіздіктерге ұласатын болса, қатаң жаза қолданылатыны да айтылды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу