Атырауда мұнай-газ саласындағы ең беделді 50 тұлға анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мұнай-газ саласындағы ең беделді 50 тұлға анықталды

03.09.2019

Дәстүрге айналған шара биыл үшінші рет өткізілді. Майталмандар сауалнама арқылы анықталады. Осы жылдағы үздіктер көшін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастап тұр.Оның рейтинг шыңынан көрінуіне, отандық мұнай өңдеу зауыттарының сәтті жаңғыртылуы себеп болған. Бұл бастама, ішкі нарықты өзіміздің жанар-жағармаймен қамтуға және бензинді экспорттауға жол ашты. Беделді тұлғалар қатарында Теңіз кенішінің жұмысшысы Қажымұрат Дүйсәлиев те бар.    

Қажымұрат Дүйсәлиев, Теңіз кен орнының жұмысшысы:

Қарапайым жұмысшыдан бастадым. Қазір міне супервайзерлікке дейін көтерілдім. Осы еңбегімнің арқасында медальмен марапаттап жатыр. Көп-көп рақмет айтамын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу