Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жеңілдік жасауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге жеңілдік жасауды тапсырды

03.09.2019

Ұсынған бастамалар, өз ісін дамытқысы келетін адамдарға үлкен күш берері сөзсіз. Бұл Атыраулық кәсіпкер Әлия Исимованың пікірі. Бірінші топ мүгедегі қиындықтарға мұқалмай, тігін шеберханасын ашып, бизнесін дөңгелетіп отыр. меншікті тілшіміз Жандос Темірғали әңгімелейді. 

«Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек.» Мемлекет басшысының халыққа арнаған алғашқы жолдауы, бизнес өкілдерін де қанаттандырып тастады. Ауыл кәсіпкері Әлия Исимова, бұл қолдаулардың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтады.  

Әлия Исимова, тігін шеберханасының басшысы:

Салық мәселесінде біздер жылына 400-500 мыңдай үкіметке салық төлеп отырсақ, соны бізден алып тастаймыз деп отыр. Бұл бізге өте көмек болады. Сол ақша біз жұмысымызды кеңейтуге мүмкіндік болып отыр. 

Арбаға таңылған ана, үйінің жанынан тігін шеберханасын ашты. 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тынымсыз еңбектің арқасында жігері жасымады. Сөйтіп, басқаларға үлгі болды.

Жеңіс Мүслім, тігінші: 

Бұл жерде жұмыс өте керемет. Бізге өзіміздің басшымыз Әлия ханым, белгілі бір жұмысты талап етеді. Жұмысымыздың таза болғанын қалайды. Сапалы болғанын қалайды. Бәрі жақсы, бүкіл жағдайымыз жасалған. 

Кәсіпкердің тігіншілікпен айналысқанына 3 жыл. Тапсырыс көптеп түсуде.Сол себепті, ісін әлі де дамытуды көздеп отыр. Адамдарды, мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырады.  

Әлия Исимова, тігін шеберханасының басшысы:

Өзім сияқты және 7 мүшесі түгел адамдарға айтарым, Мемлекеттік мүмкіндіктерді пайдаланыңыздар. Еңбек етіңіздер. Мен қазір ауырып күні түні жататын болсам, одан ешкімнің де менің де ештеңем кетпейді. Мен мына жұмысқа алаңдап, қарап қызығып, алға қойып отырсам ол маған көп жеңілдік. Шынымды айтсам, ауырғанымды ұмытып кетемін. Өзімді ауру адамға санамаймын. Сезінбеймін. 

Президент шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерді салық төлеуден босатуды тапсырды. Және негізсіз тексерулердің уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Жолдауда айтылған бұл басымдықтар, кәсіпкерлерлік саланың екінші тынысын ашып, одан әрі өркендеуіне мүмкіндік бермек. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу