Биыл астық аз шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл астық аз шықты

03.09.2019

Былтыр 22 миллион тонна жиналса, осы жылы 19 миллион тонна көлемінде бидай орылады деген болжам бар. Бұл жағдайға басты себеп қолайсыз ауа райы деді Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров. Егін мәселесі бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібіне еніп жан-жақты талқыланды. Ала-жаздай болған аптап ыстықтың салдарынан Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы алқаптарда шығым азайған. Ендігі міндет бар бидайды рәсуа қылмай, мерзімінде жинап алу қажет. Осы ретте, Премьер-министр Асқар Мамин егін орағына күн сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. Техника мен жанар-жағармайдан тапшылық жоқ екені айтылды. Министр Сапархан Омаровтың айтуынша, биылғы бидай көлемі ішкі нарықты қамтуға толық жеткілікті және бидай көлемінің азаюы нан бағасына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. 

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Егер 19 миллион тонна астық жинайтын болсақ оның 9 миллионы ішкі нарыққа қалады 7-8 миллион тоннасын экспортқа шығарамыз. Ар жағында 2 миилион тағы да қалып отыр. +Астықтың бағасын айтатын болсақ продкорпорация астық сатып алатын болып жатыр 62 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін бидайдың бағасы сапасына байланысты.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу