Екі сиыр «философиясы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі сиыр «философиясы»

01.09.2019

Жазушы Сабыр Шәріповтің «Сүлік» деген әңгімесінде Ысқақ қажы есімді кейіпкер қатты қыс болатын жылы, жем-шөптің аздығына байланысты қолдағы сиырларын кедей ауылдардағы жалғыз қарасы жоқ адамдарға таратып, бір қыс бағуға беретінін суреттейді. Сиырлар қыстан аман шығады. Жарлылар да мәз. Уақыт өте олар тек еркек төлдерді ғана иесіне қайтарып отырады. Сөйтіп кедей кісілердің әрқайсысында бір сиыр бес-алты басқа дейін көбейеді. Ысқақ қажының балаларында қызғаныштың қызыл иті «үре бастайды», дегенмен қажының өз есебі бар...

Қойшы, не керек, «қасқыр да тоқ, қой да аман» тіршілік баяндалған. Саяси сарказмға дейін жеткен екі сиыр әңгімесінен хабары жоқ, желіге кіруге уақыты жоқ, көлігі «Жигули», сиыры 50 Арман есімді 25 -тегі жігіттің орта сегменттегі көлік сатып алуға шамасы жетеді. Бірақ дәл қазір өйтудің қажеті жоқ екеніне пайымы да жетеді.

Хабарламаларға жазылу