Ауыр қылмысқа ауыр жаза - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр қылмысқа ауыр жаза

01.09.2019

Келесі материал Президент тоқталған ауыр қылмыс – ауыр жаза тақырыбында. Бірақ Бразилия президенті Жаир Болсанарудің цитаталарынан, тиісінше, пайымынан хабар беретін репликаларынан бастамақпын.

Оның Франция презденті Эмманюэль Макронмен тәжікелесіп жүргені мәлім. Амазонка өзені бойындағы орман өртіне байланысты шыққан айтыс барысында Болсанару Facebook –те Макронның жұбайының арына тиетін сөздер жазды. Әлеуметтік желі қолданушысы Болсанарудың 37 жастағы Мишель есімді әйелі мен Макронның жұбайы - 66 жастағы Брижиттің суретін қатар қойып, «Макронның Болсанарудың қыр соңынан қалмай қойғанын енді түсінген боларсыздар», - деген жазба қалдырған. Болсанару бірден «Адамды мансұқ етпе» деп жазған. Сонымен бірге оның тұншығып күлгені естіледі...

Францияда өткен Үлкен жетіліктің САММИТ-де Жердің өкпесі саналатын Амазонка орманының 2 млн гектары өртеніп кеткеніне орай дамыған елдерді көмек көрсетуге үндеген Макронның ол жиынға өзін шақырмай қойғанына шамданған Болсанару, дамыған мемлекеттер ұсынатын қаржыны Макрон кешірім сұраса ғана аламыз депті. Енді біздің рахаттана күлкіміз келді, бірақ бұл - эфир.

Би Би Си порталының жазуынша, Болсанару 2014 жылы сенатор Мария ду Розариумен дебат кезінде жиіркенішті сөз айтқан: «Мен сені зорламаймын, себебі сен оған лайық емессің».

Болсанару сияқты ер адамдар бар. Біреуінің психикасы дұрыс емес, біреуі «Махаббат қызық мол жылдардағы» Ошақбаев сияқты. Сексуалды зорлау сияқты өте ауыр қылмысқа өте ауыр жаза қолдану керек. Тараптардың мәмілеге келуі сияқты бап жойылады деген ақпарат бар. Дұрыс болар еді - себебі жан да, тән де азабына түсен жандардың кейбірін, мүмкін көбін соған көндіретін...

Хабарламаларға жазылу