Бірі - Президент сайлауы болса, екіншісі Генадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі. Таңмен таласа тұрып дауыс беруге келген тұрғындар өз таңдауын жасап қана қоймай, спорт залға қойылған үлкен экраннан боксты тамашалады. Сайлау комиссисы өкілдерінің, халықаралық байқаушылардың пікірінше тұрғындардың дауыс беру белсенділігі, жалпы өту деңгейі өте жоғары деңгейде. Сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы баяндасын.
Біз Майқұдықтағы №65 метептеміз. Мұнда 134 және 135-ші сайлау учаскелері орналасқан. Осы маңда тұратын тиұрғындар үшін бүгін қос бірдей мереке. Бірі – Президент сайлауы болса, екіншісі дәл осы мектептің түлегі, кәсіпқой бокс жұлдызы Генадий Головкиннің кезекті жекпе-жегіне шығуы.
Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Жастардан бастап, еңкейген қарияға дейін ерте келіп, дауыс беріп жатыр. Барлығы да спорт залға қойылған үлкен экраннан боксты тамашалады. Төртінші раундта Генаның қарсыласы Стив Роллсты сұлатып түсірген жеңісі көпшіліктің сайлау күнгі мерекелік көңіл-күйін тіпті еселеп жіберді.
Рысты Байдәулетова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Бүгін міне сайлауға дауыс беріп келіп отырмын. Мына Головкин сияқты сайлауда ең мықтысы жеңіске жетсін. Отанымыз тыныш болып, бейбітшілік заман болсын. Сайлауға дайындықтары өте мықты екен.
Бұл күні мұғалім, дәрігер, коммуналдық қызметкерлер, спортшылар, әскерилер сынды барлық сала мамандары сайлауға белсенді түрде қатысты. Дауыс беру үшін учаскеге ерекше көңіл-күймен келгендердің бірі - Саран қаласында тұратын 6 баланың анасы Жанар Қанафина.
Жанар Қанафина, Саран қаласының тұрғыны:
Бізге жақында көпбалалы ретінде Саран қаласынан барлық жағдайы жасалған пәтер берілді. Балаларымыздың, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береміз. Өзіміздің үлгі, тәрбиемізді көрсін деп балаларымыздың барлығын ертіп келіп жатырмыз.
Облыс бойынша 787 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда 930 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Өңірге 30 халықаралық байқаушы келген. Олар қала, аудандардағы сайлау учаскелерінің де жұмысымен танысты.