Саяси науқанның барысы туралы өңірдегі тілшілеріміз баяндауға дайын.
- Жақсыбек, білуімізше, ақтөбеліктер дауыс беру белсенділігі жағынан алда келе жатыр-ау?
Жақсыбек Кемал, тілші:
-Иә, Гүлназ, дәл қазіргі сәтке дейін өңірдегі 568 мың сайлаушының 80 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді. Яғни, дауыс беру белсенділігі жөнінен Ақтөбе облысы алда келе жатыр. Біз қазір номері 11 сайлау учаскесінде тұрмыз, бұл жерге бүгін бас қосып жатырған жас жұбайлар дауыс беруге келген екен, қуаныштарыңыз құтты болсын! Той күнінің сайлаумен сәйкес келуін жақсылыққа балап отырған шығарсыздар?
Жақсыбек Кемал, тілші:
-Рахмет, сіздерге бақыт тілейміз!
Өңірде барлығы 529 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 150-і облыс орталығында орналасқан. Халықтың көңіл-күйі — көтеріңкі, өздеріңіз көріп тұрғандай, дауыс беруге келіп жатқандар әлі де баршылық. Енді мен сөз кезегін павлодарлық әріптесім Болат Аманбаевқа беремін.
- Армысыздар құрметті көрермен! Павлодар өндірісі өркен жайған аймақ екені белгілі. Сондықтан түскі уақытқа дейін дауыс бергендердің дені зауыт, кәсіпорын жұмысшылары. Олар түнгі ауысымнан шығысымен, ал, кейбірі бүгінгі жұмыс уақыты басталғанға дейін өз таңдауларын жасады. Облыс тұрғындарының саяси белсенділігі жайлы айтар болсақ түскі 12 ге дейін электораттың 36 %-ға жуығы дауыс беріпті. Қазір біз Бауыржан Момышұлы атындағы мектептеміз. Бұл жерде екі бірдей сайлау учаскесі орналасқан. Бұндағы №81 сайлау учаскесінде 2197 дауыс беруші тіркелген. Дәл қазіргі сәтте тізімдегі сайлаушылардың белсенділігі қалай?
Айжан Ақбаянова, №81 сайлау учаскесінің төрайымы:
Бүгінгі сайлауда аймақ тұрғындарының 551 мыңнан астамы өз таңдауын жасауға құқылы. Өңірде 543 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Олардың бәрі жылжымалы дауыс беру жәшіктерімен қамтылған. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында инватакси жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік тапсырыс негізінде қызмет көрсетеді. Ал, трамвай, автобус сынды қоғамдық көліктер бүгін күні бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды. Гүлназ, әзірге осы. Өңірдегі жаңалықтарды алдағы эфирде кеңірек қамтитын боламыз!