Нұр-Сұлтанның тұрғындары сайлауда ерекше белсенді. №52 сайлау учаскесінің жұмысы да қызу. Таңдауын жасауға асыққан сайлаушылардың бірі таңғы сағат 6:30-да келген екен.
Жалпы, бұл учаскеге 4661 сайлаушы тіркелген. Осы уақытқа дейін оның 20 пайызы дауыс беріп үлгерді. Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбеков осы №52 учаскеге келіп, дауыс берді. Сайлауға отбасымен келген үміткер үшін бүгін қос мереке екен: немересі 9 маусым күні 9-ға толып отыр. Төлеутай Рахымбеков барлық саяси додадағы қарсыластарына сәттілік тіледі.
Айнұр ОМАР