Сайлау Қазақстанда әлеуметтік және құқықтық реформалардың қажеттілігі барын көрсетті - ОБСЕ байқаушылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау Қазақстанда әлеуметтік және құқықтық реформалардың қажеттілігі барын көрсетті - ОБСЕ байқаушылары

10.06.2019

Қазақстан азаматтары пікір білдіру еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие болғанымен, сайлау күні бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірілді.

Сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге келген Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы байқаушылары осылай деп мәлімдеме жасады. Олардың сөзінше, Қазақстанда веб-сайттар мен әлеуметтік желілердің қызметі жиі бұғатталып, халықтың ақпарат алуы жиі шектеледі. Ал бұл өз кезегінде көпшілік арасында пікірталастар өткізу мүмкіндігіне кедергі.

Айта кетейік, сайлау науқаны кезінде елге байқаушылардың ең беделдісі Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 49 өкіл келген болатын.

Джордж Церетели, ЕҚЫҰ Қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі:

Бұл сайлау Қазақстан үшін маңызды болды, өйткені бұл Тұңғыш Президент бәсекеге түспеген сайлау болды. Жеті үміткер, оның ішінде алғаш рет әйел кандидат қатысты. Осыған қатысты оң пікір білдірдік. Алайда, осы сайлау елде саяси, әлеуметтік және құқықтық реформалардың қажеттілігі барын көрсетті.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу