Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

12.06.2019

Мемлекет басшысы бүгін Президент жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатта Ата Заңның 44-бабы 20-тармақшасына сай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын делінген. Осы жарлыққа сай 1 ай ішінде Президент әкімшілігі саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізіп, тиісті ережені енгізуі тиіс.

 

Айта кету керек, аталған кеңестің алғашқы отырысы алдағы тамызда өтеді. Бұл туралы бүгін ант қабылдау рәсімінде Президент хабарлады.

 

Лима Диас, «Аманат» азаматтық платформасының әкімшісі:

Кеңестің құрамы емес, мазмұны маңызды. Оның құрамына барлық әлеуметтік топ өкілдері кіруі керек деп есептеймін. Себебі, сарапшылар мен жастардың пікірі әрқилы болып келеді. Сондықтан, жастар болуы керек.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу