Ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететіндердің саны биыл 16 мың адамға қысқарып кеткен. Бұған қарамастан, еңбек өнімділігі керісінше 20 пайызға артты. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында саланың жалпы өнімділігі 2,5 трлн. теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 5 пайызға артық.