Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды

13.06.2019

Бүгін Елорда әкімі ауысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.

 

Алтай Сейдірұлы – 41 жаста. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

 

Бұған дейін бірқатар лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтар болсақ, 2000 жылы еліміздің Қарулы күштері, 2001-2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда болған.

 

2016 жылдың 26 наурызынан бастап бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысын тізгіндеді.

 

Ал, Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов бұл орында небәрі 10 ай отырды.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу