Қосымша бөлінетін 5000 тегін білім гранты кімдерге арналған және оны иелену үшін не істеу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосымша бөлінетін 5000 тегін білім гранты кімдерге арналған және оны иелену үшін не істеу керек?

29.06.2019

ХХІ ғасыр білектінің емес білімдінің заманы екенін ескерген ләзім. Естеріңізде шығар, 2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарына бакалаврға 53 785 грант бөлінгенін, магистрлікке 13 159, ал PhD докторантураға 2312 грант берілгенін айттық. Түлектің бәріне жете қоймасы анық, сол үшінде оқу грантына тек үздіктер ие болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұста тағы бір көптің көкейіне қонған ұсынысты айтты осы аптада.

Қосымша 5000 оқу грантының әлеуметтік әлжуаз отбасында өскен ұл-қызға берілетіні қуантады. Өйткені азат қазақ білімді болуы керек. Мұны қамшының сабындай қысқа ғұмырында Ғани Мұратбаев бізге өсиет қылып қалдырды: «Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек»-деді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы. Мектептегі және жоғары оқу орындарындағы жастарға жасалар жағдайды Еркін Съезұлы айтады. 

Хабарламаларға жазылу