ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мемлекетті басқарғанына биыл – 30 жыл. Деректі фильмге Елбасының тәуелсіз елді құрудың әр кезеңдеріндегі серіктестері мен үзеңгілестерінің естеліктері арқау болды.
Олардың қатарында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қ.Көшербаев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Құл-Мұхаммед бар.
Олар Н.Назарбаевтың тұлға ретіндегі саяси болмысы мен адами қадір-қасиеттері туралы бұрын ешқайда айтылмаған ақпараттармен бөліседі.
«Елбасы» жаңа деректі фильмі 6 шілде сағат 20:25-те «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасынан көрсетіледі.