Ресейлік дизайн студиясы Батырхан Шүкеновтің CD-дискілеріне ерекше DigiPak әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік дизайн студиясы Батырхан Шүкеновтің CD-дискілеріне ерекше DigiPak әзірледі

11.07.2019

Танымал ресейлік Артемий Лебедев дизайн студиясы қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтің CD-дискілеріне DigiPak әзірледі. Мұндай өтінішті студияға Алматыдағы әншінің атындағы қоғамдық қор ұсынған. Мақсаты - Батырхан Шүкеновтің өнерін дәріптеу. 

DigiPak әншінің шығармашылық жолын бейнелейді. Жинақ 11 дискіден тұрады. Ерекше дайындалған қаптама ішінде музыканттың суреттерінен жасалған коллаж бен дискілер орналасқан. Ал ондағы әр дискіде әндердің қай жылы жарыққа шыққаны туралы ақпарат берілген.

Хабарламаларға жазылу