Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.