Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

25.07.2019
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

ҚР Президентіне Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Соның ішінде Мемлекет басшысына қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ, Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндалды. Қорғаныс министрінің айтуынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан 3000 тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қаза болғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Хабарламаларға жазылу