Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады

02.08.2019
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хабарламаларға жазылу