Жастардың тың бастамалары қолдау таппақ. Елімізде «Жаса» атты жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. Мақсаты – жастардың әлеуметтік белсенділігін және азаматтық жауапкершілігін арттыру. Атап айтсақ, экология, әлеуметтік кеңістік, арт-креатив пен жергілікті қауымдастықтарды қолдау бағытында өзіндік идеяларымен, ерекше жобасымен көзге түскендерге грант бөлінеді. Құны - 600 мың теңге көлемінде.
Ол үшін арнайы байқау жарияланып, республика бойынша 14 пен 28 жас аралығындағы азаматтардан 1300-дей өтініш қабылданған. Бүгінде осы шараны іске асыру үшін арнайы қызметкерлер де оқытылып жатыр. Тренингке халықаралық сарапшылар шақырылған.
Айдар Хамит, Жастар қызметкерлері қауымдастығының өкілі:
Зерттеулер жүргізе отырып, жастармен жұмыс істей отырып, біз жастардың белсенділігінің төмен екенін көріп отырмыз. Сондықтан бұл жоба жастардың белсенділігін арттыруға байланысты. Республика бойынша 1300-ге жуық өтініш берілді. Оның ішінде 600 жасты іріктеп алдық. Енді осы 600 жаспен жұмыс жасаймыз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ