Арыстағы 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

19.08.2019
Арыстағы 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай–ақ, 56 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. 

Қалада 7,5 мың адам жұмыс істейді, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіруде. Қазіргі таңда 33 апатты жағдайдағы саманды тұрғын үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үй салды.

Сонымен қатар, меншік иелерінің келіспеуі себебінен 34 үйде жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Даулы мәселелерді 17 секторда бекітілген әкімдіктердің өкілдері пысықтайды.
 

Хабарламаларға жазылу