Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

23.08.2019

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аяқталуға таяу. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты индустриалды орталығы саналатын Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Облыс орталығында елдің индустриалды-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Үкіметтің атқарып шыққан жұмысына баға берді.

Қысқаша тоқталсақ, екінші бесжылдықтың еншісінде 500 жаңа жоба бар. Жаңадан қолданысқа берілген кәсіпорындардың жалпы құны 5 триллион теңгеге жуықтайды. 45 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Экспорт 12 пайызға өсіпті. Мәселен, Президент аралап көрген құбыр крандарын жасайтын зауыттың өніміне бүгінде «Розгаз», «Газпром» секілді алпауыттардың сұранысы жоғары. Неміс технологиясымен жұмыс істейтін кәсіпорында жылына 10 мың кран шығарылады. Ал, ескі көліктерді өңдейтін еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз зауыт жылына 50 мыңдай автомобильді қайта өңдеуден өткізеді. Көліктердің ең көнесі 1948 жылы шығарылыпты. Тіпті арасында Президент мінген көліктерге ұқсастары да бар болып шықты.

Президент Пришахтинскіде ашылған ана мен бала емханасына барды. Айта кету керек, осы жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық жобасын енгізбекші. Президентке соның дайындығы жайлы баяндалды.

Хабарламаларға жазылу