Дерматит ауруымен ауырған сиырлар саны 20-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дерматит ауруымен ауырған сиырлар саны 20-ға жетті

27.08.2019

Теріскейдегі Тоқшын ауылында 10 шақты сиырдың денесінде ісік пайда болып, иелерін біраз әбігерге салды. Тұрғындардың айтуынша,  бұл дерт  осыдан 1 ай бұрын көрінген. Қара мал шөп жеуден қалған. Күйі кетіп, саууға жарамай отыр. Тексеріс барысында 4 үйдің сиырлары тері қабынуы дертіне шалдыққаны анықталды. Көктемде  ірі қараларға екпе салмаған жергілікті ветеринарлық дәрігер жұмысынан босатылды. Енді ауру малға дәрі егіліп, тиісті шаралар қолданылып жатыр. 

Берік Әлжанов, Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Антибактериялдық препараттар қолданылғандықтан сүт қауіпсіздігінің техникалық регламенті бойынша сүтті 14 күн ішінде пайдалануға тиым салынады. Сондықтан мал иелеріне ұсыныс берілді. Малдың сүтін тапсыруға болмайды.

С.СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу