Мәжіліс депутаттары Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті

27.08.2019

Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтарда жүр. Бүгін Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әбдіров Павлодар қаласының іргесіндегі шағын шаһар Ақсуға барды. Айта кету керек, аймақтағы көпбалалы отбасыларын баспанамен қамту үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Қазір өңірде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Ақсу қаласында екі пәтерлі 28 үй салу жоспарланған. Қазір инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы дайын. Әр пәтер 4 бөлмелі,  аумағы 84 шаршы метр. Жылу мен су орталықтандырылған. Қосымша 8 сотық жері бар. Мәжіліс депутаттары болашақта осы жер телімін кәсіп ашуға пайдалану керектігін айтты. 

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Үйде баласын асырап отырған анасы басқа да отбасының мүшелері осы жерде 5-10-20 метр жерде барып келетіндей тіршілік жасауға болады ғой. Өзінің күнін көріп отыратын. Негізінде әрбір аймақта осындай қазір қамқоршылық жасалып жатыр көпбалалы отбасыларға. Бұл енді өте қажет дүние. Қоғамда, Нұр Отан партиясы да бәріміз бірігіп, осындай жұмыс жасасақ, біраз алға басамыз деп ойлаймын.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу