Мұндай игі шараны Аяла қайырымдылық қоры демеушілердің көмегімен жүзеге асырып отыр. Солардың ішінде 200ден астам көру қабілеті нашарлаған бала оқитын мектеп лицейде ашылған музыкалық студия. Мұнда балалар шығармашылығын шыңдап қана қоймай күнделікті білім алу процесстерін де жеңілдетеді.
Салтанат Әскербекқызы, «Аяла» қайырымдылық қорының нұр-сұлтан қаласындағы өкілі:
Қарапайым мектепте оқығандықтан, барлық балалармен ортақ, 1400 балаға арналған мектеп болғандықтан бұл жерде олардың сабақ оқу процесстерінде аудио кітаптар, соны өздері емін-еркін жаза алады. Үйткені бұған дейін олар кітапханаға барып, болмаса дыбыс жазу студиясын іздеп осы жерде қаладағы бар сол жаққа барып қиналды. Ал енді мына дыбыс жазу студиясы олардың күнделікті сабақ оқу процессін де жеңілдетеді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ