Бразилия үкіметі «Үлкен жетілік» бөлген 22 миллион долларды қабылдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия үкіметі «Үлкен жетілік» бөлген 22 миллион долларды қабылдамады

27.08.2019

Оның себебі әзірге белгісіз. Алайда, мұның алдында Бразилия президенті Жаир Болсонару Францияны отаршылдық үшін айыптаған еді. Сонымен қатар, оның әкімшілігінің басшысы Оникс Лорензони «Глобо» басылымына берген сұқбатында еуропалықтар сол қаржыны өз ормандарын қалпына келтіруге жұмсасын деп мәлімдеді. «Макрон храмдағы өрттің алдын ала алмай отырып, біздің елге ақыл айтқысы келеді», - дейді Лорензони.

Франция президенті Эммануэль Макрон Бразилияға миллиондаған доллар көмек берілетінін «Үлкен жетілік» лидерлерінің Биарриц қаласында өткен саммитінде мәлімдеді.

Айта кетсек, Амазон тропикалық орманының 60 пайыздай аумағы Бразилияның иелігінде. «Планетаның өкпесі» аталған бұл ылғалды джунгли көміртегі күйесін жұтып, ғаламдық климаттың жылынуын тежеп отыр. Макронның ойынша, Болсонару өмірлік маңызы зор Амазондағы өртті сөндіруге жеткілікті күш жұмсамай отыр. Алайда, Бразилия үкіметі тілсіз жаумен күреске 44 мың жауынгер жібергенін хабарлады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу