Жеңіл өнеркәсіптің жүгі ауыр. Тұралап қалған саланы дамытуға мемлекет үлкен мән беріп отыр. Осы бағыттағы кәсіпорындарды қолдау үшін елордада алғаш рет форум ұйымдастырылды. Шара аясында көрме де өтіп жатыр. Мұнда 80 отандық компания өз өнімдерін ұсынды. Қазақстанның әр қиырынан келген кәсіпкерлер қазірде сүлгіден бастап кілемге дейін шығарады. Басым бөлігі өнімдерін қазақтың ою-өрнегімен нақыштаған. Тұрмыс үшін қажет бұйымдар ұлттық сипатта әрі заманауи үлгіде жасалған. Кәсіпорындардың бірқатары шетел нарығына шыға бастапты. Алайда жеңіл өнеркәсіптің көкжиегін одан әрі кеңейтудегі басты кедергі – шикізаттың өзімізде өндірілмеуі болып отыр. Сондықтан кәсіпкерлер матаны сырттан әкелуге мәжбүр. Ал тері өңдеумен айналысатын компания өкілі бұл салада маманның тапшы екенін айтады.
Азамат Досаев, Тері өңдейтін компания менеджері:
17-ші жылға дейін Қазақстанда тері деген қатты естілген жоқ. Бірақ көп адамдар қазір үйінде тігетін болды. Аяқ-киім азырақ. Қазір көбісі сумка, портмонелер тігеді. Қазақстанда адам жоқ куртка тіге алатын. Яғни бар. Советтік Союз кезінде жұмыс істеген. Бірақ олар қазір жұмыс істегісі келмейді.
Альбина ӘШІМ