Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына — 24 жыл. Елдігімізді айқындайтын басты құқықтық құжат жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Қоғамдық тұрақтылықтың келісімі боп есептелетін конституцияға осы уақыт ішінде бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Соңғы конституциялық реформа екі жыл бұрын жүргізіліп, Ата заңдағы билік тармақтарының арасындағы құзыреттер қайта қаралды.
Бұл 1994 жылдың сәуірі мен шілде айлары аралығында әзірленіп, қайта-қайта талдау мен саралаудан өткен конституциямыздың жобасы. Қазір музейде тұр. Құжатта Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ата заңды жасақтаудағы қолжазбаларын да көруге болады.
Арайлым Жүнісова, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының аға сарапшысы:
Міне, көріп отырсыздар «апрель, 1995 жыл» деп жазылған. Яғни 1995 жылы сәуір айынан бастап, осы конституцияның жобасымен жұмыс басталған және бір ерекше назар аударатын нәрсе, мына жерде ең соңғы республикалық референдум өткеннен кейін «окончательный проект конституции», міне елбасының қолымен жазылған. Ол бірінші тамыз күні 1995 жылы барлық газеттерге шығады.
Ал мына жерде конституцияны қабылдаудағы референдум нәтижелері көрсетліген. Жалпыхалықтық референдумға жеті миллионнан астам адам қатысқан.
Арайлым Жүнісова, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының аға сарапшысы:
Соңғы нұсқасы мынадай түрдегі шыққан Елбасының қолы бар. Бұл түпнұсқа ма?! Әрине бұл тарихи сәт. Ол фотода көрсетілген. Осы конституцияны жаңағы таныстыру кезіндегі тарихи сәт.
Ата заң қазір елдегі барлық жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне жауап беретін басты құжат. Бүгінге дейін бізде 3 рет конституциялық реформа жүргізілді. Соңғы рет 2017 жылы, билік тармақтарының арасындағы құзыреттер бөлінді.
Ғазиз Телебаев, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері:
Конституцияға, әрине басқа да парламенттің де ұсыныстары бар, бірақ Елбасының ұсыныстары өте құнды деп айтуға болады және де осы ретте 2017 жылғы конституциялық реформаларды айтуға балды. Онда Елбасы өзінің кейбір өкілеттілітктен басқаларға берді. Мысалы, Парламентке немесе Үкіметке жүктеді.
Қоғам өзгерген сайын, заңды оған бейімдеу заман талабы. Мысалы, қазір цифрлы технологиялар дәуірі. Роботтар мен жасанды интеллект құралдары өмірімізге мықтап енді. Бұл ретте адамның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзектілігі артқан.
Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры:
Бізде құқықтық нысандар болып «заңды және жеке тұлғалар» деп көрсетілген. Алайда заман дамып жатыр. Қазір еуропада «электронды құқық» деген түсінік қалыптаса бастады. Мысалы, роботтар мен электронды машиналар жол апатына себепкер болса, жауапкершілікке кім тартылады? Осы секілді мәселелер заңмен реттеледі. Бұл заман талабы.
Жалпыхалықтың референдум арқылы қабылданған Ата заң — Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізгі кепілі. Құжаттың саяси бейнесін елдегі әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жүйенің даму барысынан байқауға болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ