Конституция мерекесі мен Білім күніне тарту ретінде Түркістан облысының диқандары Нұр-Сұлтан қаласына азық-түлік кереуенін жөнелтті. Керуен қоржынында жеміс-жидек, бақша өнімдері, жұмыртқа, балық, кептірілген жеміс жән төрт түліктің еті - барлығы 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімі бар. Сондай-ақ оңтүстіктің брендіне айналған күрке тауық еті мен қымыран да Астана жұртшылығы дастарханының сәнін келтірмек. Мұнан бөлек өңір кәсіпорындары бұл жолғы жәрмеңкеге киім-кешек пен аяқкиімдер де ұсынып отыр. Арасында балалардың мектеп формалары мен арнайы киім үлгілері де бар. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы соммасы 123 миллион теңге болатын өнімдерін саудаға шығармақ. Өнімдер базар бағасынан анағұрлым арзанға сатылады.
Нұржігіт Мырзахметов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл жолы жаңа форматта өтеді. Себебі Астана қаласының әкімдігі Хан шатыры сауда кешені маңынан, сол жағалаудан жәрмеңкеге үлкен шатыр, столдар, мұздатқыштар қойып беріп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ