Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына барды

29.08.2019
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысына барды

Бүгін Қарағанды облысына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу үшін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді. Өңірде кешенді ақпараттық жүйе енгізілген. Медициналық мекемелердің басым дені сандық жүйемен жұмыс істейді. Соның арқасында қағазбастылық азайған. Осыны ескере отырып міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қанатқақты жобасын жүзеге асыруға Қарағанды өңірі таңдап алыныпты. Ол үшін республикалық бюджеттен 2.3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Жаңа жүйе бойынша азаматтар ұнатқан емхана мен дәрігеріне бара алады. Демек, кез-келген емдеу мекемесі науқастардың сеніміне кіру үшін барын салады. Жүйенің тағы бір пайдасы, қорға түскен қаржы есебінен дәрігерлердің біліктілігі арттырылып, емханалардың материалдық базасы жақсарады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру ережесі бойынша мүгедек, зейнеткер, көпбалалы отбасы секілді санаттарға жататын азаматтар жарна төлемейді. Ал тұрақты жұмысы барлар табысының 1 пайызын қорға аударуы тиіс. Қанатқақты жоба аясында Қарағанды облысында тегін медициналық қызмет түрлері кеңейтілген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық Сақтау Министрі:

Тегін медициналық көмектің тізімі кеңейтілді. Осы пилоттық жоба аясында. Сонымен қатар әрине кейбір әлеуметтік 8 топқа қосымша тегін медициналық көмек беріледі. Кейбір диагностикалық көмектер тегін беріледі. Дәрі-дәрмектер, стомотологиялық көмектер. Ал келесі жылдан бастап топтардың саны 15-ке дейін кеңейтіледі.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


 

Хабарламаларға жазылу