Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Конституция күніне арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен Конституция күніне арналған концерт өтті

28.08.2019

Ел көлемінде Конституция күніне арналған іс-шаралар басталып кетті. Бұл мерекені атап өтуге  Қазақстан халқы Ассамблеясы да барынша үлес қосуда. Бүгін этно-мәдени орталықтар елордада тұрғындары алдында өнер көрсетіп, ұлтаралық татулықтың туын тағы бір мәрте желбіретті. Ән айтылып, би билеп, қоғамдық келісімді нығайту мақсатында атқарылып жатқан шаруалар тізбегі түсіндірілді. Концертті көруге келген көпшілік этностардың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен,  фальклорымен танысуда.

 Николай Колодин, Дала аймағы казактары одағының мүшесі:    

Мен елордадағы казактар одағының мүшесімін. Біз туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер бар. Оның барлығы өтірік. Біз негізінен өнер көрсетеміз және қайырымдылық шаралармен айналысамыз. Бізде елдің бірлігін, татулығын тілейміз. Бүгінгі кешке өз үлесімізді қосып жатырмыз. Мереке құтты болсын, бірлігіміз арта берсін дегім келеді.

Ербол МӘНДІБЕК  

 

Хабарламаларға жазылу