Облыс әкімі Семей қаласында бірқатар нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімі Семей қаласында бірқатар нысандарды аралады

28.08.2019

Соңғы 5 жылда Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық ахуалы артқан. Олай дейтініміз, қалада тұрғын үй құрлысы қарқын алып, жоғары сапалы медициналық қызмет дамып келеді. Білім саласына да ерекше мән беріліп отыр. Алда шаһарда еліміз бойынша теңдесі жоқ, инновациялық технологиялар мектебін ашу жоспарлануда.

Семей қаласындағы жетістіктерді облыс әкімімен өткен жиында  шаһар басшылары жіпке тізгендей жеткізді. Ауыз толтырып айтарлық нәтиже көп. Соңғы 5 жылда қала бюджеті 2,5 есеге өсіп 62,1 миллиард теңгеге жеткен. Нәтижесінде тұрғын үй құрлысы қарқын алды. Қалада қазір «Қарағайлы» аталатын шағын аудан бой көтерген. 20 үйдің құрлысы аяқталса, алдағы жылы тағы 30 көпқабатты үй салынады деп жоспарланған. Бүгін сол жаңа ауданда бірқатар медицина қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілтін облыс әкімі  өзі табыстады. Жаңа қоныстың иесі атанғандардың бірі 15 жылдан асам уақыт еңбек еткен дәрігер-лаборант Гүлфия Әбдірахманова.

Гүлфия Әбдірахманова, дәрігер-лаборант:

Балабақша, мектеп жанымызда. Жұмыс істеп, жақсы өмір сүру үшін өте қолайлы. Жаңа шағын аудан. Таза ауа. Балаларға барлық жағдай қарастырылған.

Семейде медицина саласының да жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын айта кеткен жөн. Соңғы жетістіктердің бірі — Жедел жәрдем медициналық көмек ауруханысында іске қосылған гибридті-операция блогы. Мұнда  бір мезетте озық үлгідегі құрладардың көмегімен бірнеше хирургиялық ем түрі жедел жасалады. Қазір оның игілігін шаһар жұрты көре бастады.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысы  әкімі:

«Ой, өзім ана Кореяға бардым»,-дейді қаралуға. Содан кейін кейбіреуі Ресейге барады. Кейбіреуі Еуропаға барады. Керегі жоқ. Осы жылдан бастап, ендігі жылдан барлығы халықаралық деңгейге жеткен медицина көмегін осы жерде береміз, Семейде. Семей осы жерде барлығынан озуы керек. Неге десеңіз, тамаша университетіміз бар. Барлық құрал-заттарды осында әкелдік.

Қалада спорт саласын дамыта түсуге де мүмкіндік мол. Биыл желтоқсан айында 5 мың адамға лайықталған «Абай арена» спорттық кешенінің құрылысы аяқталмақ. Жалпы Шығыс Қазақстанда алда 370 мың шаршы метр тұрғын үй құрлысы бастау жоспарда. Оның тең жартысы Семейде іске аспақ.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу