Мюнхен әуежайында адасып кеткен жолаушының кесірінен 130-ға жуық әуе рейсі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мюнхен әуежайында адасып кеткен жолаушының кесірінен 130-ға жуық әуе рейсі тоқтатылды

28.08.2019

Германияның Мюнхен қаласындағы әуежайда адасқан жолаушы үшін 130-ға жуық рейс доғарылды. Транзиттік жолаушы қателесіп, апаттық есіктен шығып кетсе керек. Арнайы аймаққа өтіп кеткен белгісіз адамды іздеу үшін полицияға тіркеу рәсімін тоқтатып, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға тура келді. Мұндай шара әуежайда қауіпті заттардың болуы мүмкін деген себеппен жасалды. Ал 2-ші терминалдың қосымша есігінен абайсызда шығып кеткен испандық кейін 1 терминалдан табылған. Тергеуден кейін ол ешқандай айып тағылмастан босатылды. Дегенмен келеңсіз оқиғадан 20 мыңдай адам зардап шекті. Діттеген жеріне уақтылы жете алмаған жолаушыларға әуежайда тегін су таратылып, хабарландыру берілді. Ал әуе рейстері шамамен 4 сағаттан соң қалпына келтірілген.

Жасая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу