Бүгін Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Құқықтық жаппай оқыту» тақырыбында семинар өтті. Шара Ақпарат және даму министрлігіне қарасты ведомство қызметкерлері үшін ұйымдастырылды. Министрліктің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов пара алу тәуекелдерін төмендету мақсатында кадрлық, заңгерлік, әкімшілік, және бухгалтерлік қызметтерді орталықтандыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен "Адалдық алаңы" жобасы жүзеге асырылмақ.
Нысаналы ЫҒЫЛ