Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті

28.08.2019

Нарыққа қажет білікті мамандарды әзірлеу керек. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Қазір экономиканы жаппай цифрландыру кезінде еңбек алаңы техника мен технологияны меңгерген сапалы мамандарға қат. Жастарда мамандық бар, жұмыс жоқ. Өйткені сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмейді. Осы ретте, мемлекет кәсіби мамандарды даярлауды мықтап қолға алды. Біліктілік бойынша Ұлттық кеңес құрылды. Бағыт-бағдар айқындалды. Соның бірі – орталық мемлекеттік органдар бірлесіп жыл соңына дейін 480 кәсіптік стандарттарды әзірлеуі тиіс. Қазір оның тек 120-сы жасалған.  Ұлттық кеңестің мүшелігіне енетін ведомстволардың арасында тікелей байланыс жоқ деген Бердібек Сапарбаев, жұмысты ширатуды қадап тапсырды. Министрліктер алдындағы ендігі меже – 2020 жылға дейін шала қалған жұмысты бітіру.  

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қалған 4 айдың ішінде қалғанын біз дайындап бітіруіміз керек. Осы берілген тапсырмаларды орындау үшін әрбір министрліктің басшылары мен орынбасарлары өз саласындағы кәсіптік стандарттар дайындауға жауап береді. Бұл тапсырма осыған дейін де Елбасының 100 нақты қадамында көрсетілген болатын.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу