Ақордада «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі талаптары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға резервке іріктеу барынша ашық болуын тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасау қажеттігін жеткізді.
Альбина ӘШІМ