Украинада үй құлап, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада үй құлап, 2 адам қаза тапты

28.08.2019

Украинаның батысындағы Львов облысының Дрогобыч қаласында бүгін тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсіп, екі адам қаза тапты. Тағы жетеуі жараланып, ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің төртеуі – 6 мен 17 жас аралығындағы балалар. Ауыр халде жатқан екі адамның біреуі – бала.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, үйінді астында тағы үш адам қалып қойса керек. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары төртқабатты ғимараттың бір бөлігінің құлауына газ жарылысы себепші деп хабарлаған еді. Алайда, Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі бұл мәліметті бұл мәліметті растамады.

Арыстан РЫСБЕК


 

Хабарламаларға жазылу