Қазына қаржысын мақсатсыз жұмсаған басқарма қызметкері жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазына қаржысын мақсатсыз жұмсаған басқарма қызметкері жауапқа тартылды

28.08.2019

Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы қазметкерінің сыбайластық әрекеттеріне байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Олар өз ісіне жауапсыздықпен қарап, қазына қаржысын мақсатсыз жұмсалуына жол берген. Басқарма «Ұлағат» мөлтекауданына тартылуы тиіс табиғи газ желісінің құрылысына тапсырыс беруші бола тұра, бұл істі қадағаламаған. Нәтижесінде жұмыс мерзімінен кеш аяқталған. Бұл кемшілікті жасыру үшін олар құрылыс аяқталмай жатып, нысанды толық бітті деп қабылдау жүргізіген. Ал іс жүзінде ешқандай нүктеге газ есептегіш құралдары орнатылмаған. 37 миллион теңгеге бағаланған жұмыстың ешқандай сметалық құжаттамасы да әзірленбеген.

Басқарманың бассыз әрекетті тек бұл емес. «Оңтүстік» шағын ауданына электр желісін тарту кезінде де сыбайластыққа жол берген. Құжатта көрсетілген 4 миллион 700 мың теңгенің жұмысы мүлдем жасалмаған. 18 трансформатор мен 933 электр қуатын септеу құралы сатып алынғанымен, тиісті жеріне орнатылмаған болып шықты.

Камал Қабылбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Энегетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларымен құрылысы аяқталмаған нысандардың құжаттарына түгендеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген. Нысанға жауапты мамандарды бекітіп, олардың жұмысын дұрыс ұйымдастырмауынан орын алған.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу