Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы 20 құжат қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы 20 құжат қабылдайды

28.08.2019

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінде ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған халықаралық семинар басталды.

Отырыста сөз алған Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев осы жиын аясында ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі шартты ратификациялау үшін маңызды 20 құжат қабылдайтындарын мәлемдеді. Жалпы 29 тамыз - Қазақстан халқы үшін еркше күн. Осыдан 28 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Семей сынақ алаңы жабылған болатын. Содан бері Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде ядролық қарудан азат аймақтардың географиясын кеңейтуді қолдап келеді. Бұл орайда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Әр мемлекет өз мүддесі тұрғысынан мәселелерді көтеруде. Біздің ұйымдастырып отырған семинарымыздың нақты мақсаты - барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын жинау, ортақ ойларымен бөлісу және Елбасымыздың ұсынған идеясын, басқа мемлкеттердің бастамаларын қалай іске асырудың жолдарын талқылау. Өйткені ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу бұл тек біздің еліміздің ғана мүддесі емес, бұл жалпы барлық халықтың мүддесі деп білеміз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу