Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

28.08.2019
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады.

Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу