«Қазақ спорты» газетіне 60 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ спорты» газетіне 60 жыл

28.01.2019

60 жылдық тарихы бар газет осы уақытқа дейін қалай өзгерді? Газеттің даму кезеңі, мазмұны, тарихы, жаңалықтарымен «Қазақ спорты» газетінің бас редакторы, журналист Нұрәлі Дүйсебай студияда бөлісті.

Нұрәлі Дүйсебай:

60 жас аз уақыт емес. Газеттің тарихы 1959 жылдан басталады. Оған дейін елімізде спорт басылымдары болмаған. «Қазақ спорты» - қазақ спорт журналистикасының қара шаңырағы. Қазіргі уақытта түрлі портал, сайттар бар. Олардың бәріне негіз болған – «Қазақ спорты» газеті.

60 жылдың ішінде газет көп нәрсені көрді. Екі жылдай газеттің жабылған сәттері болды. Газет мемлекеттен тыс болған кезде далада қалып кеткен кездері болды. Президентіміз спортқа қатты көңіл бөледі. Осыны қолдап, әрі алып кететін болсақ, керемет болар еді.

Спорт журналистері жеткілікті. Бірақ, олардың басын біріктіретін орталық керек. Және де мамандарды әзірлеу мәселесі қиындау. 

60 жылдыққа байланысты жақында Еуразия университетінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда қазақ журналистерінің басы қосылып, спорт журналистикасының мәселесі қозғалды.

Одан басқа қонақ журналистиканы дамытуға, салалық журналистиканың маңыздылығы, бәсекеге қабілеттілігі туралы сұрақтарға жауап берді.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу