Мүсінші Нұрғалым Исабаевтың жұмыстарына шетелден тапсырыс түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүсінші Нұрғалым Исабаевтың жұмыстарына шетелден тапсырыс түседі

28.01.2019

Нұрғалым Исабаев 20 жылдан бері мүсін өнерімен айналысып келеді. Оның жұмыстарын Франциядан, Қытайдан, Дубайдан кездестіресіз. Ал, Түркияның Анкара қаласында қойылған Сүйінбай ескерткішіне мамандар жоғары баға берген.

Мүсінші Нұрғалым Исабаев қазір сазбалшықтан Мұқағали Мақатаевтың мүсінін жасап жатыр. Туынды сәтті шығу үшін автор ақиық ақынның өлеңдерін оқып, мінез-құлқы, болмысы жайлы зерттеп, ұзақ дайындалыпты.

Мүсін сәтті шығу үшін өзіндік көзқарас, ізденіс керек дейді бүгінгі кейіпкер. Кейіпкердің мүсін өнерін таңдауға әкесі Баймұхан Исабайұлының ықпалы тиген. Баласының бойындағы қабілетті байқап, Алматыдағы көркем сурет колледжіне ертіп әкелген. Бүгінде мүсінші өзі де шәкірт тәрбиелеп жүр.

Сүйінбай, Жамбыл, Мұқағали, Тұманбай, Райымбек батыр мүсіндерін жасаған Нұрғалым Исабаевқа шетелден тапсырыс жиі түседі.

«Ізденіс барысында образ таба алмай қиналдым. Мүсінші ретінде бұл кісіні терең зерттедім. Басқа адамға қарағанда иегі мен маңдайы ерекше болған екен. Жұмыс аяқталып қалды.

Бұл өнер де спорт сияқты. Күнде іс-қимыл, еңбек болмаса адам қалпында болмайды. Мүсінші де еңбек етпесе, қарайып қалуы мүмкін. Сондықтан, көп уақытым шеберханада өтеді. Ал, шабыттың келуі әрқалай. Кейде айлап, жылдап келмеген дүние бір күнде келе салады», - дейді мүсінші.

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу