Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету – ел болашағына инвестиция құю - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету – ел болашағына инвестиция құю

24.01.2019

Елбасының Жарлығымен осы жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Мемлекет тарапынан жоспарланып отырған жастарға қолдау білдіруге арналған жобалар аз емес. Ал, әлеуметтік тұрғыдан жастарға қандай жағдай жасалып, мүмкіндіктер берілмек? Елімізде жастарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері қандай?

2019 жыл жастарға үлкен мүмкіндік беретін жыл болмақ. Осы ретте «Жас Отан» Жастар қанаты да түрлі жобаларды іске асырмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасауға бағытталған жобалары жалғасады.

«Жас Отан» барлық жобаларды республикалық деңгейде жүзеге асыруды қолға алып отыр.

«Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек:

Ауылдық жерлердегі жастарға ағылшын тілін үйретуді көздеп отырмыз. Облыстарды IT-орталықтар ашылып жатыр. Жастардың цифрлық білімін көтеруді қолға аламыз. Одан басқа, жастарға рухани және тарихи бай мекенімізді көрсету үшін биыл «Құс жолы» атты жастар  экспедициясы ұйымдастырылды.

Ал, ХҚКО жастарды қолдау мақсатында «Жастар практикасы» жобасын сәтті жүзеге асырып келді. Түлектерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастырып, тәжірибе жинақтауға көмектеседі. Биыл орталық түрлі бағдарламалар арқылы жастарға әлеуметтік жағынан қолұшын созбақ.

2019 жылы одан өзге жастарға мотивациялық, түсіндірме жұмыстары мен психологиялық қолдау көрсету, стартап гранттар мен микрокредиттер беру, арнайы коучер ұйымдастыру қарастырылған. Биыл «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы жастар өз идеяларын жүзеге асырып, «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін техникалық және кәсіби оқуын жалғастыра алады.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу