Бесік – бабадан қалған асыл мұра. Ата-бабамыз бесікті киелі санаған.
Бесік өткен өмірдің жаңғырығы ма? Бүгінгі күнге қалай жетті? Бесікке бөлеудің мәні мен маңызы қандай? Атадан қалған бесігімізді қазіргі ата-аналар қолдана ма?
«Qareket» бағдарламасының қонақтары осы сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді.
Этнограф Досымбек Қатран:
Қазіргі уақытта бесікті қолдану қолданыстан шығып бара жатыр. Дүниеге жаңадан келген сәбилер бесікке жатпайды. Ел арасында көп боламыз. Бесік - көшпелі өркениеттің элементі. Тарихқа үңілсек, әйел заты таңнан кешке дейін қолы босамаған. Ал, сол кезде бесік қолайлы дүние болған. Қазір ол уақыттан кеттік.
Айгүл Ісмақова:
Қазақтың батырлары бесіктен шыққан. Біздің бесік бәрі-бір бесік болып қалады. Бесіке бөленген баланың аяқ-қолы түзу болады. Бала бесікке бөленсе, жұмыс та істеледі, баланың денсаулығы да мықты болады. Бесіктің пайдасын жастарға түсіндіріп, оны насихаттау керек.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.