Түркияда домбыра курстарын ашқан алғашқы қазақ Ержан Арқабаев «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда домбыра курстарын ашқан алғашқы қазақ Ержан Арқабаев «Таңшолпанда» қонақта

21.01.2019

Бүгін «Tansholpan»-да Құрманғазының «Адай» күйіне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді. Бейнебаянның ерекшелігі – бірнеше елдің ұлттық аспаптарымен қойылған. Ерекше күйдің бейнебаянын тарту еткен күйші Ержан Арқабаев бағдарламаның қонағы болды.

Ержан Арқабаев – Түркияның Анкара қаласында алғаш домбыра курстарын ашқан қазақ баласы.

«Алғаш Түркия еліне барғанымда, түркі халықтарының аспаптарын біріктіріп, қазақ халқының күйін орындау арман еді.

Анкара қаласында оқып жатқан, өнердегі ықыласы бар жастармен ансамбль құрып, бейнебаян түсірдік.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында дала фольклоры туралы бөлім бар. Ол жерде ұлттық аспаптар туралы да айтылған. Күйлерімізді заманауи форматта жасап, ұлттық музыкамызды насихаттау керек деп ойлаймын. Біз сол жолмен жүріп жатырмыз десек те болады.

Түркияда домбырадан сабақ беріп, ұлттық аспаптарды насихаттап жүрмін. Мұны оңай деп айта алмаймын. Қазір 30-ға жуық оқушым бар. Оқушылар арасында этникалық қазақтар, түрік бауырлар бар. Олардың қызығушылығы зор десем де болады», - дейді күйші.

 

Толық нұсқасы

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу