Үйдің еркелерін интернет қалай адастырады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйдің еркелерін интернет қалай адастырады?

19.01.2019

1976 жылы тұңғыш рет дербес компьютер құрастырылған. Apple 1. 1981 жылдың тамызында алғашқысынан гөрі техникалық жарақтары жақсы IBM PC бұқараға таныстырылды. 1983 жылы тышқан мен графикалық интерфейсы бар Apple Lisa компьютері жасалды. Ал, бүгін кәріні де, жасты да көгендеп қойған дербес компьютер 1984 жылы Apple Macintosh маркасымен құрастырылыпты. Артынша интернет жалғанды, одан кейін сымы бар телефон, сымсыз қалтафон, планшет болып кете береді.

Адамзатты дамудың келесі белесіне шығаруы тиіс осы техниканың бәрін қазір жинап, қапқа түйіп, қоқысқа тастай салғың келеді. Өйткені, «интернеттің инесіне отырғандар» бұл жерде бала-шағаға қайдағыны үйретеді, жүйкесін күйретеді. Бүгінде адамға ақыл айтқыш блогер деген біреулер шықты. Біразына ақша төлесең айтқаныңа жүреді, айтағыңа үреді. Блогерлік дегенің жас таңдамайтын бейресми мамандық. Үйдің еркелерін интернет қалай адастырады? «Мәселе» бағдарламасы зерттеп көрді.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу